Күн райы құбылмалы
Еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады.
Солтүстік Қазақстанда бұрқасын, көктайғақ.
Орталықта желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады.
Батыста жаңбыр, қар жауады.
«Қазгидромет» мамандары бүгін күн жауын-шашынды болады деп ескертеді. Астанада бұрқасын, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 20 метрге дейін жетеді.