Экологияға зиян келтіретін өндіріс орындарына жаза күшейеді
Қоршаған ортаға зиян келтіретін өндіріс орындарына жаза күшейеді.
Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен жүрген Сенат депутаттары экологиялық Кодекс талаптары күшейе түсетінін мәлімдеді. Аймақтағы экологиялық ахуалдың нашарлығын ел Президенті де атап өткен болатын. Жергілікті экология департаменті және табиғи ресурстар басқармасы өкілдерімен болған жиында сенаторлар нақты үш дерекке тоқталып өтті. Атап айтқанда, «Көкжиде құмдары» су кен орны мен бұрынғы Алға химия зауыты және облыс орталығының кәріз жүйесінің ескіруі тұрғындарды мазалап отыр. Сондықтан жергілікті билікке құзырлы министрліктермен бірлесе қордаланған мәселелерді оңтайлы шешу міндеті жүктелді. Бұдан бөлек өндіріс орындары табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілікті естен шығармауы тиіс.
Амангелді Нұғманов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл инвестор болып кірген үлкен-үлкен алпауыт компаниялар айыппұлдың аздығынан шыбын құрлы көрмейді айыппұлдың өлшемін. Сондықтан айыппұлды төлеп, одан әрі пайда таба берген неғұрлым пайдалы болып саналады мұндай мекемелерге. Тауып жатқан пайдасына қомақты зиян келтіретін болса мұндай айыппұлдар, сол кезде барып ойланатын болады. Бұл мәселе қаралып жатыр. Және экологиялық кодекстің шеңберінде биыл енгізіледі бұл айыппұлдың мөлшері, жауапкершіліктерді.