Аққулар неден қырылып жатыр?

Маңғыстау облысында аққулардың жаппай өлуіне байланысты Алматыдан арнайы орнитологтар келді.

Олар тиісті сараптама тағайындап, зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Қазір өңірде үй құстары бақылауға алынып, күн сайын мониторинг жасалады. Сарапшылардың айтуынша, эпизоотиялық жағдай тұрақты. Елді мекендерде құс тұмауы тіркелген жоқ. Естеріңізге салайық, бүгінгі таңда Қаракөл көлінде 639 аққу қырылып қалды.

«Бірақ өлекселер одан да көп болуы мүмкін», - дейді мамандар.

Темірбек Нұртазин, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:

- Ұлттық референттік орталығының тексеру қорытындысы бойынша құс тұмаукы анықталды. Құс тұмауының анықталғаны бұның азиатский штамм Н5 анықталып отыр. Кеше тағы да 5 жерден Қаракөлден алып 5 өлекселерден подматериал алып, оны ұлттық референттік орталыққа бүгін таңертең жеткізгенбіз.