Күн жылына бастады

Аяздың беті қайтты. Қазгидрометтің хабарлауынша, антициклонның ықпалы бәсеңдеді.

Осыған байланысты елдің басым бөлігінде алдағы күндері күн жылынады.

Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтіледі.

Синоптиктердің болжауынша, жел тұрып, боран болады. 18-20 қаңтар күндері түнгі және таңғы уақытта ел аумағына тұман түседі.