ШҚО-да торғай саны азайып кетті
Шығыс Қазақстан облысында торғай мен суықторғай азайып кеткен.
Олардың саны өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бері кеми бастапты. Мамандардың сөзінше, қалада құстарға азық жетпейді. Әрі кейінгі жылдары жасыл желек жойылып барады. Табиғи гүлзарлар мен газон да аз. Сондай-ақ жаһандық жылыну факторы да кері әсерін тигізді дейді мамандар. Мәселен, Еуропа мен Азияда жыл сайын миллиондаған құс қырылады. Есесіне облыс аумағында үйрек саны артқан. Орнитологтардың айтуынша, өңірдегі гидроэлектр станциялары мен ірі су айдындарында 16 мыңнан астам үйрек тіршілік етеді. Ұлан ауданындағы орақ түспеген күнбағыс алқаптары да қанаттылардың мекеніне айналған.
Сергей Стариков, орнитолог:
- Астық алқаптарында жиын-терім жұмыстары жүргізілмеген. Бұл құстар үшін жақсы жем-шөп, қорек. Бұл аумақта орман торғайлары мыңдап жиналатын болған. Шұбар шымшық, Сібір құралайы, ементұмсық сияқты құстардың көбеюіне әсер етті.