Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы
Елдің солтүстігінде аяздың беті қайта бастайды. Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар жауады. Тұман түсіп көктайғақ болады.
Батыс өңірлерде күн райы жауын-шашынсыз.
Солтүстік пен орталық аймақтарда сынап бағанасы түнде -22-35 градусқа дейін түседі.
Ал шығыста түнде аяз -23-38 градусты көрсетеді.