Ұлттық құрылтай Атырау облысы экологиясының мәселесін шешуге серпін береді
Атырау облысын қамтитын Жайық өзенінің арнасы жыл сайын тарылып, ластану деңгейі 5-санатқа жетіп отыр.
Ал Атыраудың өзінде кәріз суларын айдайтын 84 станцияның 90 пайызы әбден тозған. Оны қалпына келтіруге жергілікті бюджеттің шамасы келмейді. Өңір депутаттары үшінші Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер аймақ экологиясына тың серпін береді деген үмітте.
Арман Хайруллин, облыстық мәслихат депутаты:
- Президент өңірдің экологиялық жарасына айналған жарасын айтып кетті. Оның Жайықтың мүшкіл жағдайы, жерасты суларының ластанып, көтерілуі. Бұл халықты сапалы және жеткілікті деңгейде ауыз сумен қамтаамсыз ету, бұл кәріз жүйлерінің құрылысын жүргізу және ескісін қайтадан жасақтау Сондай-ақ тозығы жеткен қатты тұрмыстық қалдық полигонының рекултьвациясын сапалы жүргізу және бұған дейін құрылысы бітіп тұрған сұрыптау кешенін іске қосуды тапсырды.