Су тасқыны. Өзге өңірлерден құтқарушылар аттанды
Ағын судан зардап шеккендерді құтқаруға өзге де өңірлердің мамандары жұмылдырылды.
Қызылордалық құтқару тобы Атырау облысына аттанды. Сондай-ақ Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері абайлық ағайынға қол үшін созуға жолға шықты.
Олар ағын суға тосқауыл жасап, қауіпті аудандардағы тұрғындарға көмектеседі.