Су тасқыны. 52 елді мекенмен қатынас үзілген
Елдегі су тасқыны басталғалы бері 13 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Қазіргі таңда уақытша қоныстандыру пункттерінде 7 мыңға жуық адам орналастырылған, оның тең жартысы – балалар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, елде 52 елді мекен көлік қатынасынсыз қалған. Сондай-ақ, құтқарушылар ауылдар мен үй аулаларынан 4,5 миллион текше метр су шығарған. Ол үшін 700 мың тонна инертті материал қолданылған. Апаттық құтқару жұмыстарына 8,5 мыңға жуық адам жұмылдырылған.
Қазақстандағы су тасқыны жағдайы:
13 581 адам эвакуацияланды;
6 985 адам уақытша пунктерде орналастырылды;
52 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды;
Құтқару жұмыстарына 8 458 адам жұмылдырылған.