Су тасқыны. Оралды да су алу қаупі бар
Орал қаласының өзінде де жағдай мәз емес. Төтенше жағдайлар қызметі Деркөл кенті қазақ-түрік лицейі ауданы және «Самал-3» ықшамауданында аумақты тексеріп шыққан.
Құтқарушылар тұрғындар эвакуациядан бас тартты деп хабарлайды. Тұрғындардың жартысынан көбі туыстарына алдын ала кеткен. Жарық бар, тұйықталудан қамтамасыз етілген.
Эвакуациялауға облыстық ТЖД жеке құрамы, апаттар медицинасы орталығы, әскери бөлімдер, аумақтық қорғаныс бөлімшелері арнайы техникалармен жеткен.
Төтенше жағдайлар, полиция департаменттері кезекшілік ұйымдастырған. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардан дүрбелеңге түспеуге, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес, әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды.
Көмек көрсету қажет болған жағдайда "112" телефоны бойынша хабарласуға болады.