Ұлттық гидрогеологиялық орган құрылады
Елде ұлттық гидрогеологиялық орган құрылады. Бұл туралы су және ирригация министрлігі мәлімдеді.
Коммерциялық емес акционерлік қоғамның мақсаты жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру.
Сондай-ақ цифрлық және картографиялық деректер базасы саласында деректер базасын және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді құруға жауапты болады.
Бексұлтан Бегалиев, Жер асты суларын іздеу және барлау басқармасының басшысы:
- Мемлекет басшысы өзінің жолдауында Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты бүгінгі күні су ресурстары және ирригация министрлігі гидрогеологиялық қызметті құру туралы қаулы жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісуде. Келісу рәсімдері өткен соң Ұлттық гидрогеологиялық орталық құрылатын болады. Бұл ешқандай да жаңа орган емес, су ресурстары және ирригация министрлігінің бағынысты мекемесі.