Тасқынның беті қайта бастады
Қостанай облысындағы ахуал едәуір тұрақталған. Су қоймаларының ағысы бәсеңдеп, деңгейі 1 метрге дейін төмендеген.
Сондағы әріптесім Мерей Қанапия тікелей эфирге қосылып, өткенде су басқан аумақтардың қазіргі жайын көрсетуге дайын.
Қазір Тобыл өзені жағалауында тұрмыз. Мысалы өткенде ғана мына мен тұрған жерде су тізеден келетін. Қазір әбден тартылып, төмендеген. Себебі Тобыл өзеніне құятын Қаратомар су қоймасындағы жағдай біршама тұрақталған.
Енді Қостанай облысындағы жалпы су деңгейі алдағы 1 аптада өз нормасына келеді деп жоспарланып отыр. Қазір жағалауды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Дәл қазір жанымда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Құрманғалиұлы тұр.
Нұрлан Құрманғалиұлы, Қостанай қаласы ТЖД бөлім басшысы:
Еске сала кетейік, Қостанайға қосымша Алматы, Астана, Қарағандыдан төтенше жағдай қызметкерлері келді. Ал қызылордалық мамандар Ақтөбедегі жұмыстарын аяқтап, осында бағытталды.
Мерей Қанапия, 24.KZ, Қостанай облысы