Жабай жан-жағын жайпап барады
Атбасардың тұсында Жабай өзені тасыды. Су деңгейі 7,2 метрге дейін көтерілген.
Төтенше жағдай қызметінің мәліметі бойынша, ескі бөгетті су шайып кеткен. Өзен бойында тұратын тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Қазір құтқарушылар инертті материалдар мен құм толтырылған қапшықтардан екінші бөгет жасап жатыр.
Тасқынның салдарынан Атбасардан Сандықтау ауданы Максимовка ауылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектелген.