Балқаш ауданында 4,5 мың түп көшет отырғызылды
Алматы облысының Балқаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 4,5 мың түп көшет егілді.
Бұл жұмыстарға 10 мыңға жуық адам тартылды. Өңірде тазалық айлығы 5 бағыт бойынша жүзеге асып жатыр. Аудан орталығы Бақанас ауылының тұрғындары Дінмұхамед Қонаев атындағы саябақты қоқыс пен қураған ағаштардан тазартып, онда қылқанжапырақты көшеттер отырғызды. Ендігі міндет – осы ағаштарды күтіп-баптап, құмдауыт жерді жасыл желекке айналдыру. Экологиялық акция мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Оған Балқаш ауданы бойынша 20 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр.
Қабыл Күлтебаев, Бақанас ауылдық округінің әкімі:
- Бізде Бақанаста 5 саябағымыз бар. Бүгінгі осы аптамыз 5 күндік 20-нан 27-не дейін бұл «Жасыл аймақ» акциясы. Бүгінгі таңға Бақанас округі бойынша 2 мың түп ағаш егілді. Бұл қылқанжапырақты, лиственный ағаштар. Осындай жұмыстар атқарып жатыр ауыл тұрғындары. Белсенді, бәріміз қолдап жатырмыз.