Мамырда бірқатар аймақта құрғақшылық болуы мүмкін
Мамыр айында елдің біраз аумағында құрғақшылық болуы мүмкін.
Синоптиктер республиканың батыс бөлігінен басқа өңірлерде орташа температура 1-2 градусқа жоғары болады деп болжайды. Оңтүстік пен Арқа өңіріне жауын-шашын аз түседі. Әсіресе Қызылорда облысының Қармақшы ауданы қуаңшылықтан зардап шегуі мүмкін. Сондай-ақ оның қатарында Ұлытау, Қостанай, Ақмола облыстары мен Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстары бар. Ал Қостанай облысының Қарасу ауданы, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандары, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандары мен Павлодар қаласы ылғалды болмақ.
Қамар Салиева, агрометеорологиялық болжау басқармасының бастығы:
- Мамыр айында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық болжанады. Яғни бұл өңірде ауа температурасының жоғарылауы мен жауын-шашын тапшылығы күтіледі. Бұл дегеніміз, яғни маусым айында бізде құрғақшылықтың ықтималдығы басым болады. Себебі жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан төмен деп болжаймыз. Және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.