Петропавлда құтқарушылар «Таза Қазақстан» науқанына қатысты

Петропавл қаласының құтқарушылары да «Таза Қазақстан» науқанына қатысты. Олар шаһардағы өрт сөндіру бөлімдерінің бірінде шырша талын екті, деп хабарлайды 24KZ.

Осылайша, жаңа аллеяның пайда болуына атсалысты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы экологиялық шараға су тасқынына қарсы жұмысты жүргізуге келген өңірлік департамент мамандары да жұмылды.