Су тасқыны. Шығыс бақылауға алынды
Шығыс Қазақстан облысында да су тасқынымен күрес жалғасып жатыр.
Қазір өңірде жаңбыр толастамай тұр. Ол аздай қалың қар да еруде. Мамандар Алтай, Күршім, Қатонқарағай мен Шемонаиха аудандарын ерекше бақылауға алды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің бастығы айтты.
Арман Наурызбаевтың сөзінше, аймақтағы өзен деңгейін бақылау үшін қосымша күштер мен арнайы құралдар жұмылдырылды. Ал гидротехникалық бекеттердегі құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Арман Наурызбаев, ШҚО ТЖД бөлім бастығы:
- Мамандар әр 4 сағат сайын су деңгейін өлшеп, жедел штабқа ахуалды хабарлап отыр. Өңірдегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Өзендегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін аудандарда қосымша күштер жұмылдырылды. Аймақтағы ахуал біздің бақылауымызда.