СҚО-да «Қамқор» акциясы өтті
Оның аясында белсенді жастар, студенттер мен еріктілер жалғыз тұратын қарияларға көмек көрсетті, деп хабарлайды 24KZ.
Зейнеткерлердің ауласын күл-қоқыстан тазартып, үй шаруасына қолғабыс етті. Шараға 200-ге жуық адам қатысты. «Жалпы бұл бірретік акция емес», – дейді ұйымдастырушылар. Олар қыс мезгілінде де ардагерлердің қарын тазалап, отын-көмірін жинап беруге қол ұшын тигізді.
Жұлдыз Тоқтарғазы, қоғамдық бастамаларды дамыту және ақпарат бөлімінің маманы:
- Аулаңызды жинап берейік, не істейік дегенде, мынау, өздеріңіз көріп отырсыздар, жігіттерге арықты тереңдетіп қазып беріңіздер, себебі судың бәрі жиналған су маған келіп жатыр деген өтініш болғандықтан, жігіттер қауымы, ерлер қауымы, міне, арық тазалап жатыр. Қыздар қауымы маңайдағы, айналадағы қоқыстан тазартып жатырмыз.