«Түлектердің ағаш егуі» экологиялық челленджі өтті
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде «Түлектердің ағаш егуі» экологиялық челленджі өтті.
Оған 180 мыңнан астам мектеп түлегі қатысып, 50 000-нан астам көшет отырғызды. Шараға еліміздің оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев та қатысып, елімізді көгалдандыру мен абаттандырудың қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Айтып өтерлігі, ағаш отырғызу шарасы биыл екінші жыл барлық білім беру ұйымдарында үзбей өткізіліп келеді. Осы жылы бұл шараға 9-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Осыдан бір апта бұрын алматылық оқушылар да министрмен бірге өз қалаларында төрт жүзден астам жеміс ағаштарын отырғызған болатын.