Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр
Бесқарағай ауданының тұрғындары арықтар мен бұлақ көздерін тазартты, деп хабарлайды 24KZ.
Тазалық шарасына 150-ден астам адам жұмылды. Акция аясында Семейдегі «Святой ключ» бұлағының аумағына камералар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
Қайрат Асылханов, қоғамдық кеңес мүшесі:
- Үлкен іс-шараларға қатысып, борыштарын орындасын. Дендеріңіз сау болсын. Ел іргесі аман болсын. Бүгін күндегідей жарқырап жайнап жүре берейік. Бәріңізге тілейтінім – жақсылық. Бесқарағай ауданы көркейіп, өніп өсе берсін. Көк туымыз желбіреп, барлық жерге таныла берсін.