Қазақстанның сегіз қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары
Қазақстанның 8 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары.
Бұл туралы экология министрлігінің өкілдері хабарлады. Мониторинг нәтижесіне сай Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Шымкент өңірлерінде көрсеткіш нашар. Алматы және Астанада ауаның ластануына жылу көздері, автокөліктер және жеке сектор әсер етсе, Өскемен мен Теміртауда өнеркәсіптік қалдықтар, ал Ақтөбе мен Атырауда ескірген кәріз-тазарту құрылыстары ықпал еткен. Мәселені реттеп, қоршаған ортаға шығарындыларды азайту үшін министрлік ең ірі 50 өнеркәсіп орнына шығарындыларды 20%-ға төмендету жоспарын бекітті. Бұдан бөлек, заңсыз қоқыс полигондарымен күрес жалғасып жатыр. Биылдың өзінде ел аумағында 275 заңсыз қоқыс полигоны анықталды.
Айдар Абдуалиев, ҚР ЭТРМ Экологиялық бақылау және реттеу комитеті төрағасының орынбасары
- Қалдықтарды жинақтау,жинау,тасымалдау,есепке алу, қалпына келтіру, кәдеге жарату бойынша экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2023 жылы жалпы сомасы 17,2 млн.теңгеге 152 лауазымды тұлға, 2024 жылы жалпы сомасы 2,5 млн.теңгеге 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік жауакершілікті күшейту мақсатында жеке тұлғаларға қоқыстарды белгіленген орындардан тыс жерге тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті 50 айлық есептік көрсеткіштен 184,6 мың теңге 200 айлық есептік көрсеткішке 738,4 мың теңге дейін қарастырылған.