Германияда экобелсенділер аштық жариялады

Германияда климат жанашырлары Үкімет ғимараты орналасқан ауданда шатыр құрып, аштық жариялады, деп хабарлайды 24KZ.

Экобелсенделір ауаға тарап жатқан зиянды заттар мөлшерін азайтып, Париж келісімін орындауды талап етіп отыр. Климат жанашырларының бірі бұл акцияны наурыз айынан бері жалғастырып келеді. Ол 70 күн бойы ыстық тамақ ішпегенін айтады. Қалғандары 3 апта нәр татпапты. Экобелсенділер лагері маңында құтқарушылар үнемі кезекшілік етеді. Өткен аптада аштық жариялаған азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылған.

Тим, экобелсенді:

- Климаттық дағдарыс ушығып барады. Осыған қарамастан үкімет бұл мәселеге мән бермей келеді. Сондықтан саясаткерлерден оған тез арада назар аударып, тиісті шаралар қабылдауды талап етеміз. Тек жұмыла көтерген жүк қана жеңіл болады. Үкімет біздің талаптарымызға құлақ аспайынша, акциямызды доғармаймыз.