Қызылордада экологиялық апталық жалғасып жатыр
Қызылордада «Таза бейсенбі» акциясы өтті, деп хабарлайды 24KZ.
«AMANAT» партиясының мүшелері және Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы қызметкерлері Батырхан Шөкенов атындағы саябақты тазалауға шықты. Тазалық шарасына студенттер де үлес қосты. Бірнеше сағат ішінде 100-ден астам адам саябақ аумағындағы жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіріп, арықтарды тазартты. Демалыс орнындағы қоқысты шығарды. «Мұндай акцияның экологиялық мәдениетті қалыптастыруға қосар үлесі зор», – дейді ұйымдастырушылар.
Фарида Қалиева, Ұлттық сараптама орталығы облыстық филиалының директоры:
- Бұл акцияның мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, әлеуметтік мәдениетті қалыптастыру. Осы облыс көлемінде бұл акцияның пайдасы өте көп. Қоршаған орта жақсарса, адамның денсаулығы жақсарады.