Петропавлда «Таза бейсенбі» акциясы өтті

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған шараға «AMANAT» партиясы ұйықты болды, деп хабарлайды 24KZ.

Белсенділер бұл жолы қаланы сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның аумағын тазартты. Көктемгі тасқыннан кейін шашылып жатқан күл-қоқысты шығарып, айналаны ретке келтірді. Әр апта сайын өтетін экологиялық шараға 30-дан аса адам қатысты. Олардың арасында мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының мүшелері мен жастар бар.

Сәлімхан Сәбитов, «AMANAT» партиясының мүшесі:

- «Таза Қазақстан» республикалық акциясы біркүндік акция емес деп өзіміздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқан болатын. Сондықтан біз, «AMANAT» партиясының мүшелері, осындай акцияны әрқашанда қолдап, жастарды тартып, әрқашанда еліміздің және өзіміздің өңіріміздің таза экологиясына байланысты акцияға қатысып, басқаларын да шақырамыз.