Өскеменде қараусыз қалған тоғай іші тазаланды

Өскеменде «Таза бейсенбі» шарасы шеңберінде студенттер қалашығында талай жылдан бері ұмыт қалған тоғай іші тазаланды, деп хабарлайды 24KZ.

2 сағатта аймақтан 20 тонна қоқыс шығарылды. Ондағы күл-қоқысты жинауға мәслихат депутаттары мен жоғарғы оқу орындарының белсенділері қатысты. Енді осы бастама бойынша қаланың қараусыз қалған тұстары назарға алынады. Әр бейсенбі сайын ең лас аумақтар тазартылады. Акцияға қатысқан жастар жасыл желекті учаске болашақта демалыс алаңына айналса деген ұсыныстарын да білдірді.

Надежда Шушаникова, қалалық мәслихат депутаты:

- Енді, әрине, бұның ішінде неше түрлі қалдықтар бар. Бұтақтардан бастап шөлмектер, пластик шөлмектер бар, киім. Не жоқ?! Ананың ішінде енді қорқынышты жағдай.

Ардақ Оразқанова, студент:

- Менің ойымша, біз жинап бітірдік қой, енді жинап бітірген соң, мысалы, қоқысты тастаса, айыппұл салынады деген белгілер қойылып жатса әкімшілік тарапынан, сонда таза болады деп ойлаймын. Иә, таза, жақсы орындарға айналдыруға болады, бірақ ол үшін кішкене жұмыс істеу керек әлі де.