Тобыл өзенінің жағалауы тазаланды

Қостанайда көктемде тасыған су Тобыл өзенінің жағасын қоқысқа толтырып тастады, деп хабарлайды 24KZ.

Жағалау бойын тазартуға қаладағы мекеме, кәсіпорын ұжымдары атсалысты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аптаның әр бейсенбісі бұл жерге құрал саймандарын алып, 100-ге тарта адам келеді. «AMANAT» партиясы мұрындық болған игі іс бүгін де жалғасын тапты. Олар қалалық жағажай маңыңдағы саябақ аумағының шөбін шауып, ағаш қалдықтарын жинады. «Таза бейсенбі» шарасы барысында осы маңнан 40 тонна қоқыс шығарылды.

Сейітбек Қуанышбаев, Қостанай облыстық мәслихатының депутаты:

- Мынау өзі – қаланың көптеген адамдары, барлықтары келетін демалыс аймағы. Сонымен қоса осы жерге шомылуға келеді. Мінеки, өздеріңіз көріп отырсыздар, кешегі су тасқынынан кейін мына жердің бейнесі өте нашар еді. Қазір енді бір қалыпқа келтірілді. Бұл жұмыс жалғасын табады.