Ақтөбедегі Жаман Қарғалы өзені жағасынан 10 тонна қоқыс жиналды
Ақтөбедегі Жаман Қарғалы өзенінің жағасында экологиялық шара өтті деп хабарлайды 24kz.
100-ге жуық адам шашылған қоқысты жинап, техникалардың көмегімен арнайы полигонға жөнелтті. Игі шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Бұған дейін жастар ұйымдарының мүшелері Елек, Сазды өзендері мен Ақтөбе су қоймасының маңын тазартқан. Бүгінгі жұмыс нәтижесінде 10 тоннаға жуық қалдық жиналды.
Артур Әзиев, «Жасыл ел» жасақтары төрағасының орынбасары:
- Жаман Қарғалыға, міне, бірінші рет келіп жатырмыз. Бірақ оған дейін Қарғалы, Ақтөбе су қоймасына біз екі рет барған болатынбыз. Енді шамамен біз әрбір жағалаудың жағасына барған уақытта судың жағасына енді кем дегенде 20 тонна мусор шығарып жүрміз. Одан аз болмайды. Ең көбі бізде енді Қарғалы өзен жағасында біз алдыңғы маусымда жинаған болатынбыз. Сол жерде біздер 40-қа жуық тонна мусор шығардық.