«Таза Қазақстан»: Ақтауда 2,5 тонна қоқыс шығарылды

Ақтауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2,5 тонна қоқыс шығарылды деп хабарлайды 24kz.

Тазалық шарасына Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ұйытқы болды. Достық пен бірлікті ту еткен ұжым сенбіліккке 50-ден аса адам шақырған. Олар бірер сағат ішінде «Ана мен бала» перинаталды орталығының аумағын шөп-шаламнан арылтып, ретке келтірді. Ұйымдастырушылар теңіз жағасындағы көрікті шаһарды таза ұстауға әрбір тұрғын атсалысуы қажет деп есептейді.

Ильдар Қасымов, Маңғыстау облыстық ҚХА өкілі:

- Екінші рет қатысып жатырмын сол акцияға. Қаламыз, Қазақстанымыз таза болуы керек. Қоқысты лақтырмауымыз керек. Біз Отанымызды сыйлауымыз керек. Мақсатымыз сол.