Ақтөбеде кәсіпкерлер тазалық байқауына қатысып жатыр

Ақтөбеліктер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысып жатыр.

Игі іске кәсіпкерлер де атсалысып, өздеріне іргелес аумақтар мен аулаларды тазартуда. Оған қоса қала әкімдігі "абаттандырылған аумақ» байқауын жариялады. Мұндағы мақсат - қаланың сыртқы келбетін кіргізіп, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сайысқа 14 кәсіпкер қосылды. Осылайша олар шаһарды қоқыстан арылтып ғана қоймай, ең таза мекеме атағына да таласа алады. Айта кету керек,  «Таза Қазақстан» акциясына сәуірден бастап өңірден 300 мыңға жуық тұрғын, 6672 кәсіпорын қатысты.

Нұрғазы Жұмасейітұлы, байқауға қатысушы:

- Әр Қазақстан азаматының борышы деп есептеймін. Кәсіпкерлерді осындай акцияға белсенді қатысуға шақырамын. Сенбілік бізде бөлімше дейміз, уақыты бар, күндері бар. солай шығамыз. Белсене атсалысамыз, осы өңірдің тазалығы үшін жұмыс істейміз.