Қостанай облысы Майкөл ауылында экоакция өтті

Қостанай облысының Майкөл ауылында "Таза қайың тоғайы" экологиялық акциясы өтті.

Елді мекен шетіндегі шоқ қайың майкөлдіктер үшін тарихи орын. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары мұндағы ағаштарды жергілікті халық өздері еккен. Қазір қалың тоғайға айналған аумақ тұрғындардың серуендеп, демалатын сүйікті орны. Экологиялық шараға ауылдың үлкен-кішісі бір кісідей атсалысты. Тоғай ішінен 80 қап қоқыс шығарылып, құрғақ бұталар кесілді. Акция соңында Жастар ресурстар орталығының еріктілері  жиналғандарға «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсаты мен негізгі бағыты жайлы жадынама таратты.

Берік Масақбаев, Майкөл жалпы білім беру мектебінің директоры:

- «Таза Қазақстан» адамдарды біріктіретін программа. Үлкен адамдар, кішкентай балалар, оқушылар, мұғалімдер, акимат адамдары бәрі осында жиналып, жаны ашитын адамдар, территориямызды жинап жатырмыз. Тұрып жатқан жеріміз таза болсын деп, былай қарағанда бір елу адамдай жиналдық.