Ертіс өзенінің жағасы қоқыстан тазартылды

Семей қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Тазалық шарасына шаһардың белсенді жастары мен депутаттар шығып, Ертіс өзенінің маңын қоқыстан тазартты. Барлығы жүзден астам қап қоқыс жиналды.

Жалпы Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 90 мыңға жуық адам үлес қосып, 60 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Темірлан Бахтияров, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Абай облыстық филиалының төрағасы:

- Ең алдымен «Таза Қазақстан» – бұл көшелердің аулалардың тазалығы ғана емес, адамдардың санасының тазаруы қоғамның тазаруы. Экологиялық бағытқа бет бұруы деп түсінеміз. Осы мәселенің бірден-бір шешімі – АЭС салынуы. Енді халықтың ортасында қорқыныш бар, қоғамда үрей бар деген секілді. Өйткені атом электр стансысы экология жағынан тиімді ешқандай қоқыс шығармайды.