«Семей орманы» резерватына 40 млрд теңге бөлінген
Абай облысында болған өрттен кейін «Семей орманы» резерватының автопаркі 70 пайызға тозғаны анықталған еді.
Қазір өңірлердегі орманшылардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр. Биыл орман шаруашылығы саласына техника алуға бюджеттен 40 миллиард қарастырылған.
Осылайша «Семей орманы» резерватына 5 харвестер және 5 форвардер деп аталатын заманауи трактор сатып алынбақ. Резерват басшылығы орман алқаптарын төбеден бақылау үшін дрон мен тікұшақ алуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, қазір орманды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы өңірде 20 мыңнан астам көшет егілді.