Семейде «Таза қазақстан» акциясына арналған пікірсайыс өтті
Семейде Jastar Debate Cup пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Оның негізгі тақырыбы ел бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясын насихаттауға арналды. Өңір экологиясын сақтау, қаланы таза ұстау туралы ойлар айтылды. Пікірсайысқа қатысушылар биыл жүздеген тазалық шарасына атсалысқан. Жалпы көктемде басталған экошараға 100 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысып, 60 мың тонна қоқыс полигонға шығарылды.
Елдар Мақсұтов, Жастар ресурстық орталығының директоры:
- Жастар арасында экологиялық сауаттылық тұрғысынан өте дұрыс тақырыптардың бірі. Себебі жастардың бойына жастайынан сіңіру үлкен рөл атқарады. Олар керек пікірлерін түртіп алып, жастар арасында дұрыс ой қалыптастырады деген үміттеміз.