Жамбылдық орманшылар 5,5 мыңнан аса тал екті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жамбылдық орманшылар да өз үлесін қосып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Аймақтағы мыңнан аса қызметкер осы күзде аудан, қала әкімдіктерімен бірігіп, 5,5 мыңнан аса қараағаш, терек пен арша көшеттерін екті.

Жалпы Жамбылда 4,5 миллион гектарға жуық орманды алқап бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021-2027 жылдар аралығында аймаққа 140 млн түп ағаш отырғызу қажет. 4 жыл ішінде оның 94 миллионы егіліп, жоспардың 67%-і орындалды. Ал елді мекендерді көгалдандыру және жасыл аймақ құру жоспары бойынша 5 жыл ішінде 970 мың дана тал-дарақ егу жоспарда бар.

Нұрсұлтан Нұрғали, Жамбыл облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының маманы:

- Орманды алқаптардың молықтырудың басты себебі құм алқаптарының көшпеуіне әсер етеді. 2024 жылы көшет арқылы 8719 гектар жоспарланып, көктемде 4700 гектар алқабы орындалды. Қалған алқап қазіргі күз айларында орындалып жатыр. Күзгі түгендей қортындысына сәйкес бір жылдық екпелердің орташа шығымдылық пайызы 60% құрайды.