Алматыда коммуналдық техниканың қысқа дайындығы көрсетілді

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында Алматыда қыс мезгіліне коммуналдық техниканың дайындығы көрсетілді, деп хабарлайды 24KZ. Қалалық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге «Алматы Тазалық» компаниясы жауапты. Жуырда мекеменің арнайы техника паркі жаңартылып, 32 заманауи техника сатып алынды.

Жаңа техниканың ішінде қоқысты контейнерлерге тиейтін алты сыпыру-жинау машинасы бар. Бұл машиналар қар мен қоқысты жылдам жинап, көшелерді тазалайды. Сондай-ақ бес электрлі сыпыру-жинау машинасы сатып алынды. Олар түнгі тыныштықты бұзбай, тазалық жұмысын у-шусыз, сапалы жүргізеді.

Ерлан Мұқашұлы, «Алматы Тазалық» МКК техникалық инженері:

- Өз «щеткасымен», вакууммен сорып, көшені өте таза, тиімді ұстайды. Өте тиімді техниканың бірі. Биыл жылда қолданамыз. Бізде 23 данасы бар. Биылдың өзінде алтауын алдық. Жаңартып жатырмыз. Өте тиімді болғаннан кейін алынып жатыр оның бәрі.

Сондай-ақ автопарк көпфункционалды 10 жол тазалау машинасымен, тротуарлар мен іргелес аумақтарды қар мен мұздан тазартуға арналған алты трактормен толықты.

Ертай Қасенов, «Алматы Тазалық» МКК директорының орынбасары:

- Осымен жоғарғы Каменское плато, Шымбұлақ, Медеу жақтарда 4-5 қар өтті. Жақсы бәрі. Жұмыс істеліп жатыр. Мекемемізде 973 адам бар. 7 базамыз бар. Жеті ауданда қызмет көрсетеміз. 25 мың тонна тұз алдық. 35 мың тонна «отсев» алдық. Қысқа 100% дайынбыз.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық компаниясын іске асыру жалғасып келеді. Қар мен мұзды уақытылы тазалап, көктайғақтың алдын алу жұмысы күшейтіледі. Ол үшін 841 техника тартылып, 1400-ден астам адам қызмет етеді.

Авторлары: А. Садуақас, Ә. Нарымбаев.