2050 жылға қарай пластик өндіруден ауаға 3 гигатонна көмірқышқыл газы бөлінеді
Пластикті өндіру және кәдеге жаратудан ауаға таралатын көмірқышқыл газының көлемі 2050 жылға қарай жылына 3 гигатоннаға артпақ, деп хабарлайды 24kz.
Бұл мәселе БҰҰ-ның Бакудегі Климат саммиті аясында көтерілді. Қазір атмосферада 57 млн тоннадан астам пластмасс қалдықтар бар. Бұл Нью-Йорктің орталық саябағын «Эмпайр стейт билдинг» ғимаратының биіктігіндей қалдықтармен толтырғанмен бірдей. Ластану, әсіресе, Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде өткір мәселе. Дәл осы тақырыпта бүгін Оңтүстік Кореяда халықаралық келіссөздер өтеді. Конференция бірінші желтоқсанға дейін жалғасады.