Тараз кітапханашылары қала тазалығына үлес қосты
Тараздық кітапханашылар «Қаржыгерлер аллеясын» қоқыстан тазартты, деп хабарлайды 24KZ. Оларға қалалық әкімдік пен «Жасыл ел – Тараз» серіктестігінің жұмысшылары қолғабыс етті. Табиғат жанашырлары шағын бақтың ішін сарғайған жапырақтар мен тұрмыстық қалдықтардан арылтты.
Жалпы елде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Жамбыл облысында 150-ге жуық саябақ пен гүлзар абаттандырылды. Шараға 850 мыңға жуық адам қатысты.
Әсел Сағындық, кітапханашы:
- Бұл акциядан да тыс барлық тұрғын осы қаламыздың тазаруына үлес қосуы керек. Әрбір адамның тазалығы өз бойында ғана емес, жалпы қалада да өз үлесін қосуы керек. Қаламыздың өсуіне, көркеюіне, таза болуына әр азамат, әр тұрғын жауапты деп ойлаймын.