Қызылорда жастары тазалық акциясын айрықша форматта өткізеді

Қызылордалық белсенді жастар да қариялардың ауласын тазалап, тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс етеді, деп хабарлайды 24KZ. Мұндай көмек сall-орталығында өтінім қалдырған зейнеткерлерге көрсетіледі. Осылайша, «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік жобасы өңірдегі «Таза Қазақстан» акциясын жалғастырды. Оған мыңнан астам волонтер қатысады.

Жалпы бұған дейін әлеуметтік көмекпен 380 зейнеткер қамтылды.

Нұрбол Серікбай, «Жастар рухы» жасағының жетекшісі:

- «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында осы ауламызды тазалау ғана емес, осындай көмекке мұқтаж, мүгедектігі бар жандарға да үйінің ішін тазалауға, қолғабыс етуге әрдайым осы жастардың атынан табылып жатырмыз. Дәл қазіргі уақытта төрт ардагерге дәл осылай рухтас белсенділер барып көмектесіп жатыр.