Талдықорғандық жастар қоқыс жинаудан жарысты
Талдықорғандық жастар қоқыс жинаудан жарысып, зияткерлік ойында сынға түсті, деп хабарлайды 24kz.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Экофест» сенбілігіне студенттер мен мұғалімдер, Өтенай ауылының тұрғындары және жергілікті әкімдік қызметкерлері қатысты. 100-ге жуық адам Ілияс Жансүгіров көшесінің бойындағы аллеяны ағаш жапырақтарынан, шашылған тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Ұйымдастырушылар қапқа салынған қоқысты санап, келгендерге түрлі тақырыпта сұрақтар қойды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша индустриалды колледж студенттерінен жасақталған топ жеңімпаз деп танылды.
Ринат Мұратжан, студент:
- Бес бала қатысып, достарымызбен бірге 66 мөшек қоқыс жинап шықтық. Бәріміз достықпен бірлікпен жеңіп шықтық.
Қуаныш Сейтімбетов, қала әкімінің орынбасары:
- Бізде енді әр сенбілік сайын 200-300 куб қоқыс шығарылады. Жалпы осының бәрін алатын болсақ, бізде қаламызда 1,5-2 мыңға жуық куб мусор шығарылды. Қоқыстарды шығарумен қатар тал егу жұмыстары жүргізілген болатын. 10 мыңға жуық тал отырғызатын боламыз жыл соңына дейін. Яғни, қазіргі таңда 7,5 мың тал отырғызылды.