Қарағанды облысында шыршаны күзету күшейтілді

Қарағанды облысында шырша саудасы қыза бастады.

Жергілікті орман сақшылары қылқан жапырақтыларды қорғау шарасын күшейтті. Қазір өңірдегі орман алқаптары мен кіреберіс жолдарға 5 бақылау бекеті қойылып, 20-ға жуық мобильді топ құрылды. Олар күн сайын орман  мен орталық базарларда рейд жүргізеді. Қарағанды қаласынан бөлек, Пришахтинск, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск, Бұқар Жырау ауданындағы ормандар, тәулік бойы бақылауға алынды. Былтыр өңірде заңсыз шырша кесудің 3 дерегі тіркеліп, кінәлілер жауапкершілікке тартылды.

Рашид Асқаров, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Жергілікті тұрығындарға айтарым, бұл қылқан жапырақтыларды барлығымыз бірігіп қорғауымыз керек. Қазіргі кезде есептік көрсеткіш бойынша штрафтары өте жоғары. Мысалы, 15 МРП және 100 МРП-дан.