Жамбыл облысында қалдықты қайта өңдейтін 3 зауыт салынады
Жамбыл облысында қатты қалдықты қайта өңдейтін 3 зауыт салынады.
Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев мәлімдеді. Өйткені Тараз қаласының өзінен жыл сайын 19 мың тонна тұрмыстық қалдық шығады. Полигонда 2,5 млнн тонна қоқыс үйіліп қалған. Вице-министр айтқан сұрыптау-қайта өңдеу кешендері келер жылы салынса, қатталған қалдықты 30%-ке азайтуға мүмкіндік бар. Жалпы республика бойынша бұл мақсатқа 180 млрд теңге бөлініп, 94 жоба жүзеге аспақ.
Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:
- 2,2 млрд теңге бөлініп жатыр. Енді біз өте соған сенеміз. Тараз қаласында 3 сұрыптау зауыты салынса, контейнерлер жақсы болса, жаңа контейнерлер қойылса, ол өте экологиялық мәселелерін жақсы көтереді. Тараз қаласының экологиялық ахуалы жақсы болады деп ойлаймыз.