БҰҰ қазақстандық фермерлерге жерді ұқыпты пайдалануды үйретеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы қазақстандық фермерлерге жерді ұқыпты пайдалануды үйретпек.

Ол үшін арнайы пилоттық бағдарлама дайындалған. Бұл туралы Астанада өткен арнайы халықаралық конференцияда айтылды. Жиында Қазақстандағы топырақ қабатының бүлінуі және деградацияға ұшырауы тақырыбы көтерілді. Қатысушылар елімізде жерді пайдалану мен игеруді жақсартудың жолдарын қарастырып, Үкіметке жолдау үшін ұсыныстар әзірлемек. Мәселен, жергілікті халық пестицидтердің зардабы туралы көп біле бермейді. Ал тыңайтқыштарды шамадан тыс әрі жөнсіз пайдаланудың кесірінен фермерлер мен ауыл тұрғындарына айтарлықтай қауіп бар. Сондықтан олардың зиянын түсіндіріп, бүлінген жерлерді сауықтыру жобалары қолға алынған.

Жаңыл Бозаева, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бағдарлама үйлестірушісі:

- Қазақстанда көбісі айтады. Біз осындай карбондық нарыққа кіргіміз келеді. Бәрақ ақалай кіретініні біз білмейміз дейді. Сондықтан да біз ФАО БҰҰ ретінде осы қожалықтарда пилоттық ретінде жұмыс жүргіземіз. Сертификациядан өткіземіз. Қараймыз. Қаншалықты мына сертификациядан өткізу тиімді ме? Тиімді емес пе? Мысалы, жерді қайта ақлпына келтіру үшін қанша ақша керек? Оны да санаймыз. Және де ол алынған ақшаның сертификациядан өткеннен кейін қанша пайда көре алады? Сосын қожалыққа қолына береміз.