«Таза Қазақстан» аясында Абай облысында жүзден астам сенбілік өткен

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 100-ден астам сенбілік ұйымдастырылып, 100 мың адам атсалысқан.

Экоакция кезінде 60 мың тонна қоқыс жиналған. Тазалық шарасы алдағы уақытта да жалғасады. Қазіргі таңда экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында   тренингтер мен кездесулер ұйымдастырылып жатыр.   Оған мектеп оқушылары мен оқу орындарының студенттері қатысуда. Жастарға арналған кезекті шараны орталық кітапхана мамандары өткізді. Экологтар қоршаған ортаны таза ұстау, экомәдениетті қалыптастыру жөнінде дәріс оқыды.

Бауыржан Сәлімжанов, тренинг ұйымдастырушы:

- «Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады. Қазақстан Республикасының әр азаматы, әр тұрғыны тазалықты өзінен бастаса. Қоршаған ортасы. Өзінің үйі, маңайы болсын, барлығын өзінен бастаса. Үйіміздің маңайы, қарапайым көшенің тазалығын сақтау осы акцияға қосқан үлесіміз деп білемін.