Теміртау тұрғындары «Таза бейсенбі» экоакциясына қатысты

Теміртау тұрғындары «Таза бейсенбі» экоакциясына қатысты

Теміртау тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысып, балалар мен жасөспірімдерге арналған театр аумағын қар мен қоқыстан тазартты.

Тұрмыстық қалдықтарды жинауға 500-ге тарта адам жұмылдырылды. Игі іске қарапайым қала тұрғындарынан бөлек, «Аманат» партиясының қалалық филиалының өкілдері мен, белсенділер қатысты. Экологиялық акция аясында 3 тонна қоқыс пен 10 тонна қар шығырылды.

Нұржан Әжіков, "Amanat" партиясы Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы:

- Бұл енді негізгі нысандардың бірі ескі қаламыздағы саябақтың орны. Сол саябақты бүкіл елге, халыққа таза болсын деп, осы балабақшадан балаларын әкеліп, ойнатып, сол балалар ойнасын деп сондай мақсатта тазалап жатырмыз. Негізгі мақсатты барлығыңыз білесіздер. Бұл енді қай жерде жүрсекте өз елімізді, өз жерімізді таза ұстауға міндеттіміз.