Қарағандыда табиғат жанашырлары орманға құстың ұясы мен жемсауыттар ілді

Қарағандыда орманшылар мен оқушылар ағаштың басына құстың ұясы мен жемсауыттар ілді, деп хабарлайды 24kz.

Табиғатты қорғауға арналған шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Қыс түскелі қаладағы саябақтар мен гүлзарлардағы ағаштарға 200-дей ұя мен жемсауыт ілінді. Бұл жолғы жұмыс орман ішінде жүргізілді. Өңірде құстың көптеген түрі мекендейді. Орман санитарлары ағашты, зиянкестерден қорғайды. Қыста қорек табу қиын болатындықтан, тұрғындар осылай қамқорлық жасайды. Одан бөлек, жабайы жануарларға да жем-шөп беріледі.

Дулат Жұмабек, Қарағанды Орман шаруашылығының бас орманшысы:

- Біз жаңа «Таза Қазақстан» іс-шараларын жүргізіп жатырмыз, міне. Балаларады, осы жердегі тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру үшін осындай шараларды жүргіземіз. Экомәдениет дейді, соны дамыту үшін.