Павлодар жастары «Jasyl school» атты экологиялық ойын өткізді
Павлодардың бастамашыл жастары республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Jasyl school» атты экологиялық ойын өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Мақсат – қоршаған ортаны қорғауды, табиғатты аялауды ұрпақ санасына ерте бастан сіңіру. Ойын үш кезеңге бөлінген. Жастар бірінші викториналық сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңі қолөнерге арналса, үшінші кезең шығармашылық бағытты қамтыды. Қатысушылар бірнеше топқа бөлініп, экологиялық білімдерін ортаға салды. Қойылған сауалдардың ең маңыздысы тұрмыстық қалдықтарды жою мен табиғатты қорғауға байланысты өрбіді.
Таисия Никулина, оқушы:
- Мен жалпы жер бетін таза ұстауымыз керек деп ойлаймын. Ол үшін күл-қоқысты дер кезінде шығарып, көп ағаш отырғызып, гүл егуміз керек. Бұл ойынға біз команда болып дайындалдық. Сондықтан намысты қолдан бермейміз.
Нұрхан Ералы, Студенттер қауымдастығының төрағасы:
- Біз осындай іс-шаралар арқылы көптеген экологиялық проблемалардың жауабын табуға, адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырады деп ойлаймыз және де осындай іс-шараларға қатысқан студенттер басқа да қоғамдағы адамдарға, ата-аналарына, достарына, туыстарына осы біз қозғаған мәселелерді жеткізсе осының өзі бізге үлкен пайда деп ойлаймын.