Атырау облысында 8,5 млн шабақ құтқарылды

Атырау облысында 8,5 млн шабақ құтқарылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасып жатыр. 21 қаңтар таңына дейін 2 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Жалпы бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды.

Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізіліп жатыр.

Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі