«Таза бейсенбі» экоакциясы Мұнайлыда жалғасты
«Таза бейсенбі» экоакциясы Маңғыстау өңірінде жалғасып жатыр.
Бұл жолы Мұнайлы ауданында орталық саябақ аумағы күл-қоқыстан толық тазартылды. Ауқымды сенбілікке Маңғыстау ауылының тұрғындары мен «Аманат» партиясы филиалының қызметкерлері белсене атсалысты. Көпшілік шаңды дауылға қарамастан қоғамдық орындағы тал көшеттерін түптеп, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинады. Одан әрі қоқыстар жүк көлігімен Баянды полигонына тасымалданды. «Таза Қазақстан» науқаны аясындағы жаппай тазалық шарасы Мұнайлыда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Абылай Ахметов, «Аманат» партиясы мұнайлы аудандық филиалының төрағасы:
- Осыдан 10 күн бұрын аудан әкімінің бастамасымен барлық коммуналдық мекемелер, мемлекеттік мекемелермен тазалық жұмыстарын осы 2025-те бастап кеттік. Ол акцияға біздің аудандағы депутаттар да қатысты. Экологиялық аухалды тудырмау, айналамызды таза ұстау, тазалық мәдениетін қалыптастыру. Сол мақсатта ұйымдастырылып жатыр.