Елордада «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы талқыланды
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды әркім өзінен бастау керек. Осылай деген елордалық мәдениет қызметкерлері бүгін «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын талқылады. Басқосуда сала мамандары қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктерін пысықтады. Өндірістік нысандарды айтпағанда қарапайым тұрмыста айналаға келіп жатқан зиянның мөлшері тым көп екендігі айтылды. Олқылықты оңалту үшін жасыл желектерді көбейтіп, көгалдандыруға басымдық беру қажеттігі сөз болды.
Айта кетсек, өткен жылы республика бойынша 1 млн 600 мыңға жуық көшет отырғызылған. Жалпы халықтық акцияға 6 млн 200 мыңнан астам адам қатысыпты.
Айна Қыдырова, экобелсенді:
- Қазіргі Қазақстанда 3000-нан астам қоқыс полигондары бар. Статистика бойынша солардың 20%-і ғана нормаға сай. Қалғаны 2400 нормаға сай емес. Ол дегеніміз бізде заңсыз қоқыс полигондары көбейіп келеді. Қазіргі кезде бізде дүкендерді көптеген заттар көп. Олар қайда барады. Қоқыс жәшігінен кейін полигонға барады.