Жайық-Каспий бассейнінің тоғандарында аэрация жұмыстары басталды
Жайық-Каспий бассейніне қарасты тоғандарға ауа жіберу жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр Жайық, Ойыл және Жем өзендері арнасынан асып, сай-сала суға толған еді. Сол кезде бөлініп қалған тоғандардағы балықтың тұншығу қаупі күшейген. Жайық өзенінің бойында 50-ден астам көл болса, оның 21-і Индер ауданында. Қаңтардың аяғынан бастап бассейндік балық шаруашылығы инспекторларының ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындар аэрация жұмыстарын қолға алды. Яғни, мұзды ойып, механикалық жолмен су астына ауа жіберуге кіріскен.
Айнұр Ибатуллина, Индер балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:
- Маина ойықтар ою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар, іс шаралар әлі жалғасын табады. Қызылжар-2 су тоғанының аэрация жүргізіліп жатыр. Мұздың қалыңдығы 15-20 см бар. Қар қалыңдығы 3-5 см. Жарсуат ауылдық округінің қызметерлері келіп көмегін көрсетіп жатыр.